Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы
"№4 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Біздің медициналық ұйымда "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексінің 58 бабына сәйкес Пациентке қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметі құрылды.

Бұл секторда 2 дәрігер сарапшы жұмыс істейді, олар халыққа көрсетілетін медициналық көмекке бақылауды жүзеге асырады, емхананың медициналық персоналымен ұйымдастырушылық және әдістемелік жұмыс жүргізеді.

Өткізілетін іс-шаралардың сапасын арттыру мақсатында ай сайын уческелік қызмет жұмысының сапасын бағалау жөніндегі комиссия отырысы, дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер арасында халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапасын жақсарту бойынша апта сайынғы лездеме өткізіледі.

Ішкі бақылау қызметінің функцияларына медициналық көмек көрсетудің тәртібін бұзу фактілерін анықтау жатады.

Осыған байланысты егер Сіз:

  • көрсетілген медициналық көмек сапасына қанағаттанбасаңыз;
  • медициналық персонал тарапынан дөрекі қарым-қатынасқа кезіксеңіз;
  • тегін медициналық көмек шеңберінде көрсетілетн медициналық қызметтер үшін медициналық персонал тарапынан ақша бопсалау фактілеріне кездессеңіз,
  • сондай-ақ, егер Сіз медициналық көмек көрсетудің тәртібі мен сапасына байланысты басқа да проблемаларға кезіксеңіз, Медициналық көмек сапасын басқару қызметіне жүгінуге құқылысыз.

Объективтілік пен ашықтық принциптерін сақтау мақсатында, Сіздің өтінішіңізді өзіңіздің қатысуыңызбен комиссия қарайтын болады.

Сіз медициналық ұйымға кіре берісте орналасқан өтініштер жәшігіне өзіңіздің аты-жөніңізді, байланыс деректеріңізді (телефон, мекенжай) көрсете отырып, жазбалай өтініш қалдырып кете аласыз, сондай-ақ өтінішіңізді медициналық ұйымның http://poliklinika4-zko.kz/ сайтына жаза аласыз.

Ішкі аудит қызметі Сіздің өтінішіңізді мүмкіндігінше қысқа уақыт ішінде қарап, күнтізбелік бес күннен кешіктірмей Сізге өтінішіңізді қараудың нәтижесі туралы ақпарат береді.

Пациентке қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметіне Сіз 52-79-34 телефоны бойынша немесе № 113 кабинетке жүгіне аласыз.
Пациентке қолдау көрсету және ішкі бақылау қызметіне емдеуде жатқан пациенттер, сондай-ақ олардың туысқандары да жүгінуге құқылы.

Маңызды телефондар

Пациенттерге қолдау көрсету қызметініңмеңгерушісі
Айшева Светлана Естигалиевна
+7 (7112) 527934
Жедел көмек көрсету бөлімі
Айтбаева Венера Марленовна
+7 (7112) 528057
Емдеуге жатқызу бюросы
+7 (7112) 527934
Тіркеу бөлімі
+7 (7112) 528222, 528288, 527920, +7 708 767 2196

Байланыс ақпараты

Мекенжайы:
Қ.Мусин көшесі, 62. 090004, Орал қаласы, Батыс Қазақстан облысы, Қазақстан
Почта
poliklinika477@med.mail.kz
Телефон
+7 (7112) 527933, 528033