Электронды денсаулық төлқұжаты - пациенттің денсаулығы туралы ақпаратты бір ізге келтіріп, медициналық ақпараттарды жүйелеп, денсаулық сақтау министрлігінің қорғалған серверлеріне енгізу болып табылады.
Ол ақпаратты нақты бір пациентке медициналық көмек көрсетіліп жатқанда сала мамандары ғана ала алады. Одан бөлек, ЭДТ ақпараттар негізінде пациенттің жеке кабинеті де жасақталатын болады. Және ондағы ақпараттар пациенттердің өздеріне де қолжетімді болмақ. Онда мынадай мәліметтер сақталатын болады: пациенттің идентификаторы; медициналық мекемелер мен медицина қызметкерлерінің индификаторлары; шұғыл әрекет кезінде негізгі клиникалық мәліметтер; медикаментоз (аллергия т.б.); өмір сүру салтының көрсеткіштері; негізгі диагностикалық зерттеулер; физиологиялық жағдай, пациенттің аяғы ауыр кездегі жағдайы; денсаулыққа қауіп төндіретін жағымсыз әрекеттері; профилактикалық шаралар, сондай-ақ профилактикалық екпелер; денсаулыққа қатысты туындаған кінәраттар тізімі; дәл қазіргі уақытта науқастың қабылдап жүрген дәрі-дәрмектерінің тізімі; антропометриялық мәлімет.