Тіліңізді таңдаңыз
07.02.2023жылы емханамыздың мәжіліс залында обаға қарсы күрес станциясы қызметкерлері «Аса қауіпті инфекциялар, клиникасы және емі» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
«Обырсыз өмір!» Ұлттық бағдарламасының негізгі мақсаты жеке денсаулықты сақтау және қазіргі адамның өмір сүру сапасын арттыру, онкопатология ауыртпалығын төмендетудің жаһандық проблемасына жұртшылықтың назарын аудару, онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау мәселелері бойынша республика халқының скринингтік тексерулерден уақтылы өту қажеттігі туралы хабардар болуын арттыру болып табылады.
Дүниежүзілік онкологиялық аурулар туралы хабардар болу күніне орайластырылған онкүндіктің негізгі мақсаты мен міндеті денсаулықты сақтайтын мінез-құлықты қалыптастыру және уақтылы скринингтік зерттеулерден өту арқылы аурудың дамуын болдырмау болып табылады.
1-10 ақпан аралығында Халықаралық онкологиялық аурулармен күрес күніне арналған онкүндіктің ұйымдастырылуына байланысты, халықты ақпараттандыру мақсатында 2023 жылғы 02 қаңтарда "РТК Қазақстан" АҚ БҚОФ облыстық радио эфирінің "Денсаулық" бағдарламасында емханамыздың психологы Баймукашева А.К «Онкологиялық науқастарға көрсетілетін психологиялық көмектің рөлі» туралы сөз сөйледі.