Скрининг (ағылш. screening — «іріктеу, сұрыптау») — денсаулық сақтау ұйымындағы тұлғаларда клиникалық белгілері жоқ ауруларды анықтауға бағытталған стратегия.
Скринингтің мақсаты — мүмкіндігінше ауруларды ерте анықтау, ол пациенттердің жағдайын жеңілдету үшін емдеуді ерте бастауға мүмкіндік береді.
Қазақстанда скрининг көлеміне кіреді:
- антропометриялық өлшеулер (бойы, дене массасы, бел көлемі);
- артериалдыөқ қан қысымын өлшеу;
- 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жаста көзішілік қан қысымын өлшеу;
- 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64,66,68,70 жаста қандағы холестерин мен глюкоза деңгейін анықтау;
- электрокардиография – көрсетілімдер бойынша;
- кардиолог, эндокринолог, офтальмологтың қарауы – көрсетілімдер бойынша.
- балаларда В және С созылмалы гепатиттері маркерлеріне қан талдау – қауіп тобынан.
Бұл зерттеулер жүрек-қан тамыр ауруларын, қант диабетін, глаукоманы және олардың қауіп факторларын, сондай-ақ гепатиттерді ерте сатыда анықтауға және олардың қатерлі асқынуларын: инсульт, инфаркт, соқырлық, бауыр циррозы мен обырын ескертуге мүмкіндік береді.
обырдың пайда болуына ықпал ететін патологиялық өзгерістерді болдырмау, сондай-ақ ісіктерді дамудың ерте сатысында анықтау үшін қажет:
Әйелдерге:
- 30, 34,38,42,46,50,54,58,62,66,70 жаста патологиялық өзгерістерді теріске шығару үшін жатыр мойынынан алынған сүртіндіні цитологиялық зерттеу;
- акушер-гинекологтың қарау, кольпоскопия – көрсетілімдер бойынша;
- 40,42,44,46,48,50,52,54,56,58 және 60,62,64,66,68,70 жаста сүт бездерін (маммография) рентгенологиялық зерттеу;
- маммологтың, онкологтың қарауы – көрсетілімдер бойынша;
50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68 және 70 жастағы ерлер мен әйелдер үшін
- жуан және тік ішек ауруларын ерте анықтау үшін нәжісті жасырын қанға тестілеу;
- жуан және тік ішекті хирургтің, проктологтың, гастроэнтерологтың қарауы, эндоскопиялық зерттеу – көрсетілімдер бойынша.
Осы зерттеулер жаппай жүргізілетін елдерде жатыр мойыны, сүт бездері мен жуан ішек обыры күрт төмендеген.