Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы
"№4 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Тіліңізді таңдаңыз

Құрметті азаматтар! Құрметті пациенттер!

Елімізде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жоғары технологиялық медициналық қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі.

Сонымен қатар, мемлекеттің тиімді әлеуметтік-экономикалық саясатының арқасында біздің елімізде әлі де жетілдірілмеген немесе көрсетілмейтін жоғары технологиялық қызметтерді алу үшін пациенттерді шетелде ем алуға жолдау мүкіндіктері жүзеге асырылды.

Бұл бағдарлама қиын ауруларға медициналық көмекке қол жетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Егер Сізде немесе сіздің балаңызда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген аурулардың тізбесіне (бұдан әрі – Тізім) енгізілген аурулар болған жағдайда бюджет қаражаты есебінен шетелде ем ала аласыз (нормативтік құқықтық актілерге сілтеме).

Жоғарыда келтірілген тізімге кіретін ауру расталған жағдайда, сондай-ақ, медициналық мекемелерде қолдануға рұқсат етілген барлық диагностикалау қолданылса және емдеудің әдістері оң әсері болмаған жағдайда, Сіз тұрғылықты жеріңіздегі бейінді маманға бейінді республикалық денсаулық сақтау ұйымына жолдама алу үшін жүгінуіңізге болады.

Сәйкесінше, республикалық ұйым пациенттің құжаттары мен шетелде емделу қажеттілігі туралы қортындыны Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емдеуге жіберу туралы Жұмыс тобына (бұдан әрі - Жұмыс тобы) енгізеді.

Науқастың құжаттар пакетін алған күннен бастап Жұмыс тобы шетелде емделуге өтініш берген науқастардың күту коды тізіміне пациент туралы деректерді Күту тізіміне енгізеді және шетелдік клиникалар іздестіруді жүзеге асырады.

Шетелге емделуге жіберу туралы шешімді Қазақстан Республикасының азаматтарын жіберу бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Комиссиясы Жұмыс тобының жолдау маңыздығы мен кезектілікті есепке ала отырып ұсынған құжаттар пакетінің негізінде қабылдайды.

Комиссияның оң шешімі қабылданған жағдайда Жұмыс тобы шетелдік медициналық ұйымдармен бюджет қаражаты есебінен медициналық қызмет көрсету үшін келісім жасасады.

Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Жұмыс тобының мамандарына хабарласа аласыз («Байланыс ақпараты» сілтемесі).


icon pdfСілтемені жаңа қойындыда ашу
"Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 тамызда № 24094 болып тіркелді.

icon pdfСілтемені жаңа қойындыда ашу
"Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қазандағы № ҚР ДСМ -103 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 қазанда № 24765 болып тіркелді

icon pdfСілтемені жаңа қойындыда ашу
Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 қарашада № 21660 болып тіркелді.

icon pdfСілтемені жаңа қойындыда ашу
Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 желтоқсанда № 21713 болып тіркелді.

icon pdfСілтемені жаңа қойындыда ашу
"Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № ҚР ДСМ-31/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 8 сәуірде № 20343 болып тіркелді

Маңызды телефондар

Пациенттерге қолдау көрсету қызметініңмеңгерушісі
Айшева Светлана Естигалиевна
+7 (7112) 527934
Жедел көмек көрсету бөлімі
+7 (7112) 528057
Емдеуге жатқызу бюросы
+7 (7112) 527934
Тіркеу бөлімі
+7 (7112) 918056, +7 708 7672196
Ситуациялық орталық
+7 700 713 4847

Байланыс ақпараты

Мекенжайы:
Қ.Мусин көшесі, 62. 090004, Орал қаласы, Батыс Қазақстан облысы, Қазақстан
Почта
poliklinika477@med.mail.kz
Телефон
+7 (7112) 527933, 528033