Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы
"№4 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Тіліңізді таңдаңыз

БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "№4 қалалық емханасы" МКК-ы Орал қаласы, Қапан Мусин көшесі, 62 мекенжайы бойынша орналасқан. ШЖҚ "№4 қалалық емханасы" МКК осы аумақтың тұрғындарына медициналық-әлеуметтік алғашқы көмек көрсетеді. Емханада жалпы тәжірибелік дәрігерлер (30 ЖТД), 5 педиатриялық учаскелер, гинекологтар, салалық мамандар және т. б. қабылдау жүргізеді.

Ұйымда Емдеуге жатқызу бюросы порталы (БГ), медициналық қызметтердің сапасын басқару қызметі, пациенттерді қолдау қызметі енгізілген.
ШЖҚ "№4 қалалық емханасы" МКК 1985 жылдан бастап жұмыс істейді. Жер учаскесінің жалпы ауданы 5612 ш. м. (0.56 га). Емхана ғимараты типтік және барлық орталықтандырылған коммуникациялық жүйелері бар.

1985 жылы жаңа қалалық емхана сол жылдың атаулы күніне – ҰОС Жеңісінің 40 жылдығына орайластырырылып ашылды. Оның алғашқы мақсаттарының бірі соғыс және еңбек ардагерлеріне, қаланың солтүстік-шығыс бөлігінің тұрғындарына қызмет көрсету болды.

Жаңа емхананың құрылысына облыс орталығының барлық тұрғындары қатысты, өйткені ол коммунистік сенбіліктер кезінде тапқан қаражатқа салынған.
1985 жылы емхананың символикалық кілтін "Уральскпромстрой" трестінің "Отделстрой" құрылыс басқармасының бастығы М.С.Кондратьев бірінші бас дәрігері Ф. Х. Рамазановқа табыс етті.

Емхананың қуаттылығы бір ауысымда 375 келушіге қызмет көрсетуге арналған. Біздің кәсіпорын қызметінің басты міндеті - халыққа аумақтық қағидат бойынша амбулаториялық жағдайда алғашқы медициналық-санитарлық мамандандырылған көмек көрсету болып табылады. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде тиісті деңгейде халыққа мынадай мамандықтар бойынша консультациялық-диагностикалық көмек көрсетіледі: кардиология, эндокринология, офтальмология, отоларингология, невропатология, хирургия, травматология, урология, онкология, акушерия, гинекология және т. б.

Ультрадыбыстық және рентгендік зерттеулер жүргізіледі.
Емхананың қызмет көрсетілетін халқы 48087 адамды құрайды. Бүгінгі күні емханада келесі бөлімшелер жұмыс істейді: 4 ОДО бөлімшесі және Мичурино ДА, профилактика және әлеуметтік көмек бөлімшесі, хирургиялық бөлімшесі және оңалту бөлімшесі.

Миссиясы

Тиімді, қолжетімді, қауіпсіз және сапалы білікті медициналық көмек көрсете отырып, біз пациенттердің денсаулығын жақсартамыз, осылайша халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын арттыруға ықпал етеміз

Мақсаты

Қызметтер сапасын үнемі дамыту мен жақсартудың негізінде, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) мен ақылы медициналық көмек шеңберінде Орал қаласының жетекші және бәсекеге қабілетті емханасы болу

Міндеті

Бекітілген тұрғындарға тиімді және сапалы білікті медициналық көмек көрсету


Қызметтер

Шаруашылық жүргізу құқығындағы №4 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Адам көлемінде бекітілген халыққа ТМККК (тегін медициналық көмектік кепілдік берілген көлемі) орналастырудың қорытындысын жариялайды
Дәрігерлік-медициналық көмек түрі бойынша, дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған көмек.
- Жіті ауруларда және созылмалы аурулар асқынған кезде алғашқы (дәрігерге дейінгі, дәрігерлік) көмек көрсету
- аурулардың алдын алу және төмендету бойынша профилактикалық шаралар жүргізу, аурулардың ерте және жасырын формаларын анықтау,әлеуметтің елеулі аурулар мен қауіп факторларын анықтау;
- әртүрлі аурулар мен жай-күйлердің диагностиксы және емдеу;
- қалпына келтіру емі; емдеу және диагнсготикалық шараларды бағалау, сапасы мен тиімділігі бойынша клиникалық-сараптамалық қызмет, оның ішінде уақытша еңбекке жарамсыздықты сараптау;
- науқастарды, оның ішінде әлеуметтік қызметтер жиынтығын алу құқығы бар азаматтардың жекелеген санаттарын диспансерлік бақылау;
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамсыздандыру;
- медициналық көрсетілімдерду анықтау, медициналық көмектің мамандандырылған түрлерін алу үшін басқа мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелеріне жолдау;
- санитарлық-курорттық емделу үшін медициналық көрсетілімдерді анықтау, оның ішінде әлеуметтік қызметтер жиынтығын алу құқығы бар азаматтардың жекелеген санаттарына;
- санитариялық-гигеналық білім беруді жүзеге асыру, оның ішінде салуатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша.
Медициналық көмек формасы бойынша: МСАК (медициналық-санитариялық алғашқы көмек), консультативтік, диагностикалық көмек, емдеу хаттамаларына сәйкес науқастарды емдеудің инновациялық технологияларын қолдана отырып, стационар алмастырғыш (республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін) көмек.

Маңызды телефондар

Пациенттерге қолдау көрсету қызметініңмеңгерушісі
Айшева Светлана Естигалиевна
+7 (7112) 527934
Жедел көмек көрсету бөлімі
+7 (7112) 528057
Емдеуге жатқызу бюросы
+7 (7112) 527934
Тіркеу бөлімі
+7 (7112) 918056, +7 708 7672196
Ситуациялық орталық
+7 700 713 4847

Байланыс ақпараты

Мекенжайы:
Қ.Мусин көшесі, 62. 090004, Орал қаласы, Батыс Қазақстан облысы, Қазақстан
Почта
poliklinika477@med.mail.kz
Телефон
+7 (7112) 527933, 528033